​ТҮРКІСТАН: Арыста заманауи үлгідегі демалыс аймағы ашылды

0
920

«Тайбурыл» демалыс аймағы қаланың кіреберісінде орналасқан.


​ТҮРКІСТАН: Арыста заманауи үлгідегі демалыс аймағы ашылды

Арыс қаласында бір мезетте 700 адамға қызмет көрсете алатын демалыс аймағы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа орталықтан 40-тан астам арыстық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жергілікті кәсіпкер Олжас Сансызбай туризмді дамытуға бағытталған жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бағдарлама аясында «Ырыс» микроқаржылық ұйымының 20 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Арыс өзенінің жағасындағы

«Тайбурыл» демалыс аймағы қаланың кіреберісінде орналасқан.
«Бұл демалыс аймағында балаларға ғана емес, ересектердің де сапалы қызмет тұтынып, уақытты пайдалы өткізуіне барынша қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар жергілікті атқарушы биліктің кәсіпкерге қолдау көрсетуінің нәтижесінде, жобаны Арыс атырабындағы туризм саласының дамуына қосылған ерекше үлес деп атап өтуге тұрарлық», – деді салтанатты шараға қатысқан қала әкімі.
Демалыс аумағының жалпы аумағы 2 гектардан асады. 1 мың шаршы метрлік балалар мен ересектер бассейні бар. Ондағы су 7 сүзгі арқылы тазартылады. Оған қоса, шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы нұсқаушылар мен құтқарушылар қызметі де ұйымдастырылған. 200 көлікке арналған автотұрақ салынған.