ТҮРКІСТАН: Арыстағы бірнеше ауылдың электр желілері жаңартылады

0
558

Әкім проблемаларды шешу жолын айтты.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы бірнеше ауылдың электр желілері жаңартылады

Арыс қаласына қарасты бірнеше ауылдың электр желілері жаңартылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округінде қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындармен кездесті. Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта мектепте өткен жергілікті тұрғындармен кездесуге Арыс қаласының прокуроры Талғат Сейдуалиев пен аудандық полиция бөлімінің, қала әкімдігі аппаратының өкілдері, дербес бөлім басшылары мен салалық құрылымдардың жауапты мамандары қатысты. Жиында ауылдың өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Нақтылай түссек, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова аймақтағы электр желілеріне қатысты проблемаларды шешу тетігін тарқатты.


"Бүгінгі таңда Дермене ауылдық округіне қарасты Қызылкөпір, Қаражантақ, Теміржолшы елді мекендерін жаңа электр желілерімен қамтамасыз етуді қолға алып отырмыз. Бұл мақсатта жобалық-сметалық құжаттар мақұлданып, тиісті деңгейде бюджеттен қаржы бөлу қарастырылған. Нәтижесінде, елді мекен тұрғындары сапалы электрмен қамтамасыз етілетін болады", - деді Гүлжан Мамытқызы.


Айта кетейік, Қызылкөпір елді мекеніндегі Өркениет көшесіне электр желісін тарту мен трансформатор орнату "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-і арқылы электр бағаналары ауыстырылып, пайдалануға берілді.