ТҮРКІСТАН: Арыстық көпбалалы ана мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін ашты

0
772

Көпбалалы ана «Еңбек» бағдарламасымен 555 600 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған.


ТҮРКІСТАН: Арыстық көпбалалы ана мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін ашты

Арыс қаласының тұрғыны, 5 баланың анасы Мереке Самарханқызы мемлекеттік қолдау арқылы өз кәсібін ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мереке биыл «Бизнес-Бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқып, «Еңбек» бағдарламасымен 555 600 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Бүгін табысты кәсіпкер. Аймақта тапсырысқа тәттілер, мерекелік торттар дайындайды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін бастаған «Бизнес-Бастау» түлегі өз өнімдерін әлеуметтік желі арқылы саудалайды. Тұтынушылар сапа мен дәмді ерекше бағалап отыр. Іскер ана болашақта ауқымды цех ашуды жоспарлаған.



Жалпы, Арыс қаласы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны ағымдағы жылы 4 мыңға жуықтаған. Оның ішінде: 2250 жеке кәсіпкерлер, 994 шаруа қожалықтар, 619 заңды тұлғалар құрайды.

Ағымдағы жылы ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі және ұсынылған қызметтер көлемі 21 млрд 632,1 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан.