ТҮРКІСТАН: Арыстық спортшылар жүлдеге ие болды

0
591

Абу-Даби қаласында ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті.


ТҮРКІСТАН: Арыстық спортшылар жүлдеге ие болды

Арыс қаласының қос спортшысы жүлделі орын иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. 17-20 тамыз аралығында жалғасқан бәсекеде ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері, Түркістан облысының сайыпқырандары ел намысын абыроймен қорғап шықты.


Атап айтқанда, арыстық қос бірдей батыр қыз — Аяжан Ергентай мен Аяулым Әубәкір жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бапкерлері — Мұхтар Мамедов, Асхат Борықбаев, Бағдат Жүсіпов 16-17 жас аралығында 52 келі салмақта сынға түскен Аяжан Ерзатқызы күміс медаль алды. Ал 14-15 жас аралығында Аяулым Дәуленқызы 44 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.