ТҮРКІСТАН: Ашық аспан астында әсем әндер шырқалды

0
385

Қазақтың ұлттық аспаптары мен эстрадалық бағыттағы, сонымен қатар патриоттық жанрдағы әндер шырқалды.


ТҮРКІСТАН: Ашық аспан астында әсем әндер шырқалды

Түркістанда «Жазғы самал әуендері» іс-шарасы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығында «Жазғы самал әуендері» іс-шарасы басталды. Концерттік бағдарлама Отырар тұрғын алабындағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда осы бағыттағы мәдени шаралар алдағы уақытта әр секторда кешкі уақытта жалғасады деп жоспарлануда.


Мәдени шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем дауыспен талғампаз тыңдарманды қуанышқа бөледі. Қазақтың ұлттық аспаптары мен эстрадалық бағыттағы, сонымен қатар патриоттық жанрдағы әндер шырқалды. «Яссы» би ансамблінің бишілері би билеп, кештің көркін аша түсті.


Табиғаты тамылжыған тамыз айындағы бұл бастамаға шаһар тұрғындарының да қызығушылығы жоғары. Қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астындағы мерекелік кештен ерекше әсер алып қайтты. Ашық аспан астында ән тыңдауға тағы келетіндерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.