ТҮРКІСТАН: Әскери қызметшілер соғыс ардагерін қарттар күнімен құттықтады

0
439

Ұлы Отан соғысының ардагері Анарбай Мырзахметовті құттықтады.


ТҮРКІСТАН: Әскери қызметшілер соғыс ардагерін қарттар күнімен құттықтады

Әскери қызметшілер соғыс ардагерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 қазанда Қазақстан мен бүкіл әлемде Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан зор еңбегі мен үлесі үшін барынша қолдау көрсеткен қарт адамдарға құрмет көрсету қажеттігін еске салады.


Қалыптасқан игі дәстүр бойынша Халықаралық қарттар күнін мерекелеу күні Түркістан облысы Қазығұрт ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшылығы аудынның құрметті тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Анарбай Мырзахметовті құттықтады.


Біздің халқымыздың дәстүрлерінде аға ұрпаққа құрмет көрсету және оны бағалау бұрыннан әдетке айналған. Жыл бойы еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері зейнеткерлер мен ардагерлерге барлық жағынан қолдау көрсетуге және көмек көрсетуге тырысады.


«Аға буын салт-дәстүрлердің тәлімгерлері мен сақтаушылары бола отырып, бізге үлгі болады. Олардың әрбір сөзі, естелігі және дана кеңесі баға жетпес байлық. Олар әрқашан естеліктерімен бөлісуді ұнатады және әрқашан әскери қызметкерлермен қуанышпен кездеседі. Біз олармен әрқашан байланыстамыз. Біздің кішігірім көмегіміз, олардың денсаулығына жақсы жағыынан әсер ететініне сенеміз. Ал олар бізге әрқашан өздерінің ізгі тілектерін айтады», - деп бөлісті Қазығұрт ауданы қорғаныс істері бөлімінің бастығы майор Бағлан Өрісбай.


Қарабау ауылдық округінің Сынтас ауылының тірі аңызы, Анарбай Мырзахметов жұбайы Шаменмен және ұлының отбасымен бірге Бәйдібек көшесі, 56-үйде тұрады.


1944 жылы 18 жасар Анарбай өз еркімен соғысқа кетті. Берлинді алуға қатысып, сол қалада көптен күткен Жеңісті қарсы алды. Оның марапаттарының арасында «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» және т.б. медальдары бар.


1950 жылы, Анарбай Мырзахметов әскерден үйіне оралды. Шамен есімді туған ауылының 18 жасар қызына үйленді. Мал шаруашылығында еңбек етті. Қой фермасын басқарды және бейбіт өмірде жетістіктерге жетті.


Биыл Анарбай Мырзахметұлы 96 жасқа толды, ал оның сүйікті әйелі — 92. Олар бірге 74-жыл болды. Он ұл мен қыз өсіріп, солардың 43 немересінің тәрбиесіне белсене қатысады.