ТҮРКІСТАН: Аудандарда өндірістік парктер салынады

0
274

Өндірістік парктің құны 13 млрд. теңгені құрайды.


ТҮРКІСТАН: Аудандарда өндірістік парктер салынады

Түркістан облысындағы өндірістік ғимараттар толықтай іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан индустриалдық аймағында орналасқан өндірістік ғимараттар (браунфилд) құрылысы аяқталып, толықтай іске қосылды. Аталған өндірістік ғимараттарда жиһаз және шұлық цехтары жобалары іске асырылған. Инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. 30 гектар жерде орналасқан жалпы көлемі 66 мың мың ш.м. құрайтын аймақта 42 ғимарат орналасады. Өндірістік парктің құны 13 млрд. теңгені құрайды. Қосымша 70 га жер телімі анықталып, ұлғайту жоспарлануда. Маңызды мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрғалығымен өткен жиналыста талқыланды. Облыс әкімі кәсіпкерлердің қолжетімді алаңдардың арқасында бизнесін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алатын өндірістік парктерді құру жобасының маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейді тапсырды.


«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Басқарма төрағасы Файзулла Байдуллаевтың баяндауынша, жұмсалған бюджеттік 1 теңгеге 7 теңге инвестиция тартылу күтілуде. Құрылыс 3 кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңге тартылатын инвестиция көлемі - 31 млрд теңге. 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар өндірістік парктер аумағында әкімшілік ғимаратын салу да жоспарда бар. Ғимаратта парк қатысушылары өндірген өнімдерінің көрме залы ұйымдастырылатын болады.


Өндірістік паркті құру мақсаты – әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді.


Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алда тағы 32 ғимарат салынады. Өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі 98 млрд теңгені құрайтын болады. Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 2000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Өндірістік парктің аумағында «BNK Group» ЖШС су үнемдеу технологияларын енгізіп жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорны жұмысын бастады.


Сондай-ақ «Aqniet Holding» ЖШС мектепке арналған жиһаздар мен медициналық жиһаздарын шығарып жатыр. Мұнда, украиналық «UBC Group» компаниясы өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіреді. Бұдан бөлек, медициналық өнімдер, бөлме аралық есіктер, және тағы басқа өнімдерді шығаратын кәсіпорындар жұмысын бастауда. Кәсіпкерлер инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарда кәсіп бастауға дайын.


Өндірістік парктерді аудандарда салу жоспарланған. Атап айтқанда, Ордабасы ауданындағы Бадам индустриалды аймағында инфрақұрылым тартылған 12 ғимарат салынбақ. Сондай-ақ Шұбар ауылы маңында да салу жоспарда бар. Сайрам ауданында өндірістік парк көлемі 90 гектардан аспақ.