2 халықаралық және 7 республикаішілік әуе рейстері орындалуда.
Түркістан халықаралық әуежайында жолаушылар ағыны 3,5 есеге артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2022 жылдың І тоқсанында Түркістан халықаралық әуежайында жолаушылар ағыны 79 489 адамға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе артқан. Бұл Түркістан қаласының туризм әлеуетінің біршама көтерілгенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта, әуежайдан 2 халықаралық (Ыстамбұл,Ташкент) және 7 республикаішілік әуе рейстері орындалуда. Атап өтсек:
1) «Түркістан-Ыстамбұл» – аптасына 6 рет (сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
2) «Түркістан-Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
3) «Түркістан-Нұр-Сұлтан» – күнделікті;
4) «Түркістан-Алматы» – аптасына 6 рет (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);
5) «Түркістан-Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);
6) «Түркістан-Қарағанды» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);
7) «Түркістан-Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);
8) «Түркістан-Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);
9) «Түркістан-Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).