ТҮРКІСТАН: Ауруханада жатқан қылмыскер телефон арқылы сотқа қатысты

0
2 680

Телефондағы қосымша арқылы сот отырысының қатысушылары бір-бірін көріп, есту мүмкіндігіне ие болды.


ТҮРКІСТАН: Ауруханада жатқан қылмыскер телефон арқылы сотқа қатысты

Алаяқтық жасағаны үшін істі болған азамат ауруханада жатып ақ телефон арқылы сотқа қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тұрғыны бөтеннің мүлкін жымқыру, сеніміне кіріп алаяқтық қылмысын жасағаны үшін сот алдында жауапкершілікке тартылған.

Дәлірек айтқанда, 1975 жылы туған У.Қ. өзінің танысы1979 жылы туған С.У. дан "күйеуіңнің құжаттарын, жеке бас куәлігі мен ЖСН ді жасап беремін" деп алдап қомақты қаржысын қалтасына басқан. Құжатын жасап бермек түгілі, ақшаны өз қажетіне жаратып жіберіп оқиға орнынан бой тасалаған. Танысына сеніп тақырға отырған әйел құқық қорғау органдарына шағымданған. Сотталушыға ҚР ҚК нің 190 бабының 1-ші бөлігімен айып тағылған.

Сот қарауы кезінде сотталушы жарақаттарымен ауруханада ем қабылдап жатқандықтан сотқа келу мүмкіндігі болмаған. Сайрам аудандық соты «Виртуалды сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша сотталушы У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы смартфонына орнатылған «TrueConf» қосымшасы арқылы сот отырысына қатысты. Яғни виртуалды бейнеконференц байланысы арқасында сот отырысының қатысушылары бір-бірін көріп, есту мүмкіндігіне ие болды.

Виртуалды істі қарау нәтижесі бойынша сотқа қатысушылар «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасы барысында іске қосылған «Виртуалды сот» жобасының жұмысына оң баға берді.