ТҮРКІСТАН: "Ауыл - ел бесігі" жобасымен биыл 6 елдімекен қаржыландырылады

0
2 083

Оның ішінде Бәйдібек ауданы Бәйдібек ата елді мекені, Қазығұрт ауданы Қызылқия елді мекені, Отырар ауданы Қоғам елді мекені, Сарыағаш ауданы Береке елді мекені, Келес ауданы Абай және Кентау қаласы Ынтымақ елді мекендері бар.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысы бойынша республикалық «Ауыл ел бесігі» жобасына 159 елді мекен еніп отыр. Соның ішінде жоба аясында биылғы жылы 6 елді мекенді қаржыландыру жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оның ішінде Бәйдібек ауданы Бәйдібек ата елді мекені, Қазығұрт ауданы Қызылқия елді мекені, Отырар ауданы Қоғам елді мекені, Сарыағаш ауданы Береке елді мекені, Келес ауданы Абай және Кентау қаласы Ынтымақ елді мекендерін қаржыландыру жоспарлануда.
Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХҮІІІ конференциясында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр айтты.
Конференцияда партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың партияның ХҮІІІ съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы талқыланып, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезіне делегаттар сайланды.