ТҮРКІСТАН: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 17 нысан жөндеуден өтеді

0
763

Өткен жылы 25 нысан жөндеуден өткен.


ТҮРКІСТАН: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 17 нысан жөндеуден өтеді

Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы нәтижелі жұмыс істеп келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан блысындағы сырлы Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биылғы жылы он жеті нысан жөндеуден өтеді. Оның 16-сы көше болса, қалған біреуі мектеп ғимараты. Сондай-ақ, аталған он алты көшенің 12-сі Ақтөбе ауылдық округінде болса, қалған төртеуі аудан орталығы – Абай ауылындағы Құрылыс, Оңтүстік, Әзімбай ата және Т.Рысқұлов көшелері. Жалпы, аудан орталығына 2020 жылы аталған бағдарлама аясында 8,62 шақырым жол жөнделеді екен. Сонымен қатар, құрылыс тек жол жөндеу жұмыстарымен шектелмей, көше бойларын абаттандыру, яғни көше жиегіне жарық шамдар, суағар, аяжолдар салынып, көркейтіледі. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың маусым айында бастау алды. Ал аяқталу мерзімі 3 айды құрайды.

Айта кетсек, өткен жылы аталған бағдарлама аясында 25 нысан жөндеуден өткен еді. Оның 23-і көше болса, 2 нысан мәдениет және спорт алаңы болған. Мақсат – ауылды көркейтіп, абаттандырып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау.