ТҮРКІСТАН: Ауыл әйелдерінің форумы өтті

0
1 207

Еліміздегі 200 мың шаруа қожалығының 40 мыңын әйелдер қауымы басқаруда. Оларда бүгінде 60 мыңнан аса ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Ауыл әйелдерінің форумы өтті

Түркістанда ауыл әйелдерінің форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Форумға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қоғамда әйелдердің алар орнының жоғары екендігін айтып өтті. Сондай-ақ, форум жұмысына сәттілік тіледі.
Баяндама жасаған ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қаракөз Сүлейменова қазақ ежелден әйелді рухани құндылық пен ұлттық тәрбиенің бастауы санағандығын жеткізді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік басқару саласында әйелдердің үлесі артқанын айтып өтті, елдің дамуына қосып жатқан үлестерінің көптігіне тоқталды.
Атап айтар болсақ, еліміздегі 200 мың шаруа қожалығының 40 мыңын әйелдер қауымы басқаруда екен. Оларда бүгінде 60 мыңнан аса ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында көптеген әйел азаматшалар жеке кәсібін дөңгелетіп отырған жайы бар. Бағдарлама бойынша 6210 әйел кәсіп бастаудың негізі бойынша білім алса, 174 қыз келіншекке 735 млн. теңге көлеміндегі шағын несие берілген.
Форумға «Жасыл экономика» үшін және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма басшысы, ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономикаға көшу жөніндегі кеңестің мүшесі Салтанат Рахымбекова қатысып, өзіндік пікірін білдірді.
Айта кетейік, форумды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Жасыл экономика» үшін және G-Global дамыту коалициясы», «Қазақстан аграрлық әйелдер одағы» бірлесе ұйымдастырды.