Домалақ ана кесенесінің аумағына көшеттер екті.
Бәйдібек ауданындағы киелі мекендерді абаттандыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Бәйдібек ауданындағы киелі мекендерді абаттандыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Аудандағы Бәйдібек ата кесенесі, Аппақ ишан сәулет-көркем мұражайы, Ақмешіт үңгіріне сенбіліктер ұйымдастырылып елді мекендердегі ескерткіштер жаңалануда.
Бәйдібек ауданының прокуроры Мәди Байтелиев, прокуратура қызметкерлері, №19 колледж студенттері және аудан жастарымен бірге Домалақ ана кесенесінің аумағына көшеттер екті.
Сонымен қатар Домалақ ана бұлағының аумағына сенбілік ұйымдастырылып, талдардың түбін әктеу, қураған ағаштар мен қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді.