"2022 жыл - балалар жылына" тоқталып, Балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады.
Түркістанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мектепке дейінгі, орта білім беруді дамыту және жаңа технологиялар бөлімі Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Айсұлтан» ЖШС «Балабақшада этнопедагогиканы оқу-тәрбие процесінде енгізу жолдары», «Қарлығаш» МКҚК «Вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әдістемелері мен технологияларын жетілдіру», «Аяулым» МКҚК бөбекжай базаларында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамыту моделін іске асыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне жауапты әдіскерлері, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімдерінің мамандары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар жұмысы 3 балабақша базасында өтті. Әр балабақшада 6 ұйымдастырылған оқу қызметі, шебер сынып, тренингтер өткізілді.
Мақсат - мектепке дейінгі білім беруде, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін құрметтеуге, ұлттық рухани адагершілік дағдыларды, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, жаңартылған оқу мазмұны бойынша 4К моделі арқылы балаларға инновациялық және жаңа технологияларды тиімді пайдалану, педагогтардың үнемі даму үстінде болуын, балаларды тыңдай білуін, сыни тұрғыдан талдап және шығармашылық эксперименттер жүргізе білу қабілеттерін жетілдіру.
Аталған іс-шараны облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің бас маманы Ж.Елемесова, "2022 жыл - балалар жылына" тоқталып, қатысушылар мен бүлдіршіндерді 1- маусым Балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады.
Семинар соңында тақырыпқа сәйкес пікір алмасу, кері байланыс, ұсыныстар қабылданды.