ТҮРКІСТАН: Балабақшаларда өрескел заң бұзушылықтар анықталған

0
769

Мемлекеттік тапсырыс алатын 1400-ге жуық балабақшаға мониторинг жүргізілген.


ТҮРКІСТАН: Балабақшаларда өрескел заң бұзушылықтар анықталған

Түркістан облысында «Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын зерделеу мақсатындағы мониторингтік топ жұмысының қорытындысы туралы» дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен құрылған комиссия қорытындысы аясында балабақшаларда өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған болатын. Комиссия жұмысының нәтижесі ортаға салынған апталық мәжілісте облыс әкімі жауаптылардың ісін құқық қорғау органдарына жолдап, жазалауды тапсырды. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы туындаған проблемалық мәселелерді шешу мақсатында облыстағы мемлекеттік тапсырыс алатын 1400-ге жуық балабақшағамониторинг жүргізілген.облыс бойынша 1393 балабақшада 154 214 балаға мемлекеттік тапсырыс берілген, ал нақты қызмет көрсетіп отырған бала саны мен төсек орындары сай келмейтіні анықталған еді.Зерделеу барысында 150 811 баланың құжаты қаралып, оның нақты балабақшаға келген бала саны 73%-ды құрағаны дәлел тапқан. Сондай-ақ балалар ойнайтын және жатын бөлмелері бір жерде орналасқан, төсек орындары тығыз, жалпы талаптар сақталмаған балабақшалардың қызмет көрсетіп жатқаныбелгілі болды. Комиссияжұмыстарына кедергі жасап, түрлі себептермен нысанға кіргізбеген жайттар да тіркелген.


Сонымен қатар, зерделеу барысында аты бар, заты жоқ 23 балабақша анықталған.Оның басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасқан. Олардың ішінде жұмыс істемесе де мемлекеттік тапсырысты алып отырған, алайда қызмет көрсетпеген, толық жабылған не жөндеуге жабылғандары анықталды. Яғни бір балаға 25 582 теңге есебінен алғанда бір айға төленетін39 320 мың теңге мемлекеттік тапсырыс бойынша жүргізіліп жатқан төлемдердің заңдылығы мен тиімділігі жоқ. Жалпы айтқанда, балабақшалардың құрылтайшылары 3420 бала үшін, яғни, жоқ балаларға мемлекеттен қаржы алып отырған.Нәтижесіндеанықталған жайттар Түркістан облысы бойынша Экономикалық департаментіне жолданды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі заңбұзушылықтар бойынша кінәлілерді жазалауды тапсырып,осы саладағы кемшіліктерді дереу реттеп, бюджет қаражатын орнымен әрі мақсатты жұмсау керектігін басаескерткен еді. Осыған байланысты облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары мен мониторинг анықтаған кемшіліктері басым аудан басшыларының орынбасарларына сөгіс жарияланған болатын.


Мәжілісте, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстағы меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс сапасы мен ондағы тәрбиеленушілердің жағдайына өткен жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды.


Бүгін осы айтылған мониторинг нәтижесін сараптау мақсатында аймақ әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың қатысуымен өңірлік білім бөлімі басшыларымен дөңгелек үстел өтті. Жиынбарысында аталған мәселе төңірегіндегі атқарылып жатқанжұмыстар айтылды. Соның ішінде сынға ілінгенСарыағаш, Түркістан, Келес, Сауран аудандары бойынша мониторинг қортыныдысы аясында атқарылып жатқанжұмыстары жөнінде баяндады.Өңір басшылары өз кезегінде қойылған сұрақтарға жауап алып, тиісті сұрақтарға жауап берді.


Жиында, облыс әкімінің орынбасары облыс әкімі аппараттының қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімі мен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына жүргізілген мониторинг қорытындысымен тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарап, облыс әкімі аппараттына нақты ақпарат енгізуді тапсырды.