ТҮРКІСТАН: Балалар мен жүкті әйелдерге «Pfizer» екпесі салынады

0
561

Барлық екпе дозалары арнайы тоңазытқыштарда сақталады.


ТҮРКІСТАН: Балалар мен жүкті әйелдерге «Pfizer» екпесі салынады

«Pfizer» екпесі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Pfizer» ("Комирнати") екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау - тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен ғана егіледі. Мақсат – коронавирус инфекциясынан сақтану, алдын алу. Бұл туралы брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетова мәлімдеді.


«Pfizer» екпесі мына топтағы адамдарға салынады: 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдерде жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін, лактация кезеңіндегі әйелдерде – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін. Барлық екпе дозалары арнайы тоңазытқыштарда сақталады. Екпе егу кабинеттерінде арнайы дайындалған мамандар қызмет көрсетеді. Вакцинациялауға болмайтын сырқаттары бар жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге екпе егілмейді. Екпенің бірінші дозасынан кейін 21-28 күн аралықпен 2-рет жүргізіледі», - деді Нұрхан Мәдәліқызы.


Сондай-ақ, брифинге қатысқан облыстың бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Бақтыораз Елемесов «Pfizer» вакцинасының алғашқы 29 250 дозасы жеткізілгенін айтты.


«Екпе дозасы мұздатқыш құрылғыларда -60-тан -90 градусқа дейінгі температуралық режимде қоймада сақталады. 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу болмелерінде және емханаларда жүргізіледі», - деді Бақтыораз Мизамұлы.