ТҮРКІСТАН: Бес жасар бүлдіршін қызды зорламақ болған ер адам сотталды

0
1 283

ҚР ҚК нің 120 бабының 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылды.


ТҮРКІСТАН: Бес жасар бүлдіршін қызды зорламақ болған ер адам сотталды

фото: ашық дереккөзден алынды

Бес жасар бүлдіршін қызды зорламақ болған елудегі ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты осындай үкім шығарды. Оқиға осы жылдың қаңтар айында болған. 1969 жылы туған ер адам мас күйінде аулада ойнап жүрген 5 жастағы бүлдіршінді байқап қалған. Ересектердің жоқтығын пайдаланып қыз баланы жақын маңдағы сарайға алдап апарған. Мұны байқап қалған көрші әйел олардың соңынан жүріп отырған. Сарайда ер адамның жалаңаштанып балаға азғындық жасамақ болғанын көрген әйел бар дауысымен айқайлап көмекке шақырған. Бес жасар бүлдіршін қызды зорлықшыдан жұлып алған әйелдің дауысын естіген жұрт жиналып, ер адамды ұстап, тәртіп сақшыларына тапсырған.

Сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін мойындамай, тек қатты мас болғанын айтқан. Сотта кінәсі толық дәлелденген сотталушы елудегі ер адам ҚР ҚК нің 120 бабының 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылып 15 жылға бас бостандығынан айырылды.