Бүгін Арыс қаласы бойынша 2500-ге жуық оқушы 1 сынып табалдырығын аттады.
Бүгін, 1 қыркүйек - Білім күніне орай, Арыс қаласындағы барлық 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар оқу ұяларына кірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шаһардағы И.Журба атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Арман Жетпісбаев қатысты.
Бүгін Арыс қаласы бойынша 2500-ге жуық оқушы 1 сынып табалдырығын аттаса, Түркістан облысы көлемінде 1 сыныпқа 56 506 балдырған барды. Облыста жалпы саны 488 520 оқушы мектепте білім алады . Айта кетерлігі, облыста 1 қыркүйекте жаңадан 7 мектеп ашылса, жыл соңына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі.Сонымен қатар, Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ " АҚ айналысуда. Өңірдегі 16 орта мектепті 100 пайыз қалпына келтіріп, оқу жылына дайындап үлгерді.
Бүгінгі таңда Арыс қаласында қор қалпына келтіретін 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63 нысаны пайдалануға берілген. Қайта қалпына келтірілген қалған 5 нысан қыркүйек және қазан айларында тапсырылатын болады.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі