ТҮРКІСТАН: Білім саласындағы жемқорлық деңгейі әлі де жоғары

0
1 272

​Білім беру саласында жемқорлық деңгейін төмендету - басты назарда.


ТҮРКІСТАН: Білім саласындағы жемқорлық деңгейі әлі де жоғары

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша Департаменттерінің бірлесіп ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған мақсатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға аталған департаменттер мен облыстық білім басқармасының басшылығы, өңірдегі барлық техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Мақсатты жиын модераторы Ғ.Асанұлы мемлекет тарапынан жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан білім саласында әлі де болса жемқорлық деңгейі жоғары екенін айтты.

Сондай-ақ, өңіріміздегі білім беру саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары сала екені Елбасы тарапынан сынға ілінгенін, білім беру саласы жемқорлық көріністері жоғары деңгейге жетіп отырғанын айтып, білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

Жиында әрі қарай білім саласында орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы Ұлттық бюро Департаментінің штаб басқармасының басшысы Ж.Аитов, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында атқарылып отырған жұмыстар туралы «Түркістан - Адалдық алаңы» Жобалық кеңсе басшысының орынбасары А.Талғатұлы, ал білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдаған шаралар туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова тақырыптық бағытта баяндама жасады.

Мақсатты шара соңында білім беру қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктермен, мектептерге жұмысқа орналасу үшін пара алып ұсталған мектеп директорларына қатысты деректер көрсетілді.