Түркістандық тұрғындардың мәселесі шешімін тапты

0
644

Түлкісбаста бірнеше жоба іске асырылуда.


Түркістандық тұрғындардың мәселесі шешімін тапты

Түлкібас ауданында көп жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет ететін мектептер жөнделуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жұмыспен қамту жол картасы» 2020-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы көп жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұрған А.Байтұрсынов, М.Ломоносов, Г.Титов атындағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2020 жылдың мамыр айынан жөнделе бастаған білім мекемелерінің екеуінің қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 95 пайызға аяқталып отыр. Ал, М.Ломоносов мектеп-гимназиясының жөндеу жұмыстары 80 пайызға орындалған.

Бұл жерде әр мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарымен қатар, электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылмақ. Сонымен қатар, М.Ломоносов мектеп гимназиясының кәріз жүйесі мен желдеткіш жүйесі жаңартылса, Г.Титов мектебіне жаңа жылу жүйесі орнатылады. Аталған білім ошақтарының жөндеу жұмыстары 2020 жылдың тамыз айының орта тұсында аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек.

Одан бөлек, Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылының тұрғындары көтеріп жүрген мәселенің бірі орталықтандырылған кәріздік жүйесін жаңарту еді. Бүгінгі таңда елді мекен тұрғындарының өтініші назардан тыс қалмай, іске асырылуда. Яғни, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдараламасы» шеңберінде тозығы жеткен кәріз жүйесінің 4,3 шақырымы толығымен жаңартылып, құдықтары ауыстырылады. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары 40 пайызға орындалып отыр.