ТҮРКІСТАН: «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті

0
689

Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдамалар берілді.


ТҮРКІСТАН: «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті

Арыс қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу – Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.


Осыған орай нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында, Арыс қаласының "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-нің ауласында санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.


Жәрмеңкеге 8 жұмыс беруші 43 бос жұмыс орындарын ұсынды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 35 адам қатысып, пробация қызметінің есебінде тұрған 1 азаматқа, мүмкіндігі шектеулі 2 азаматқа, жалпы 11 азаматқа тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдамалар берілді.