ТҮРКІСТАН: Дәстүрлі форматта 500 мыңнан астам оқушы білім алады

0
761

84 мыңға жуық ұстаз бен 28 мыңға жуық техникалық персонал 100% вакцина қабылдады.


ТҮРКІСТАН: Дәстүрлі форматта 500 мыңнан астам оқушы білім алады

Түркістан облысы бойынша 50 мыңға жуық бала 1 сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысында 927 күндізгі орта білім беру ұйымында оқу процесі дәстүрлі форматта 500 мыңнан астам оқушы білім алады. Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Өңірде 84 мыңға жуық ұстаз бен 28 мыңға жуық техникалық персонал 100% вакцина қабылдады. Биылғы жаңа оқу жылында Түркістан облысы бойынша 50 мыңға жуық бала 1 сыныпқа қабылданды.


Айта кетейік, алғашқы қоңырау шарасы ел көлемінде эпидахуалға байланысты тек 1 сынып оқышыларының қатысуымен өтті. Бұл мектеп-лицей оқушылардың заманауи білім алуларына жол ашады. Мұнда барлық заманауи пән кабинеттері қарастырылған. Оқушыларға білікті ұстаздар тереңдетіп білім беретін болады. Айта кетерлігі, биыл жаңа оқу жылын Түркістан қаласындағы 33 мемлекеттік және 10 жекеменшік мектеп 45248 оқушымен бастап отыр. Олардың ішінде 4221 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, қолдарына жаңа «Әліппені» ұстады.