ТҮРКІСТАН: Деструктивті діни ағым өкіклінен 5 келі марихуана тәркіленді

0
881

Есірткіге ұқсас заттың бірнеше түрі табылған.


ТҮРКІСТАН: Деструктивті діни ағым өкіклінен 5 келі марихуана тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушысынан 5 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «есірткі құралдарын заңсыз сақтады» деген күдікпен егде жастағы тұрғынды анықтады.


Атап айтсақ, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Кентау қаласы көшелерінің бірінен бұрын сотталған жергілікті тұрғын, деструктивті діни ағым жақтаушысын ұстады.


Жедел уәкілдер тексеру кезінде күдікті ер адамнан полиэтилен пакетке салынған "марихуана" есірткі затына ұқсас ерекше иісі бар 10 ораманы тапқан. Одан әрі полицейлер күдіктінің пәтерін тінту барысында 17 қағаз және полиэтилен пакет орамасын, 41 сіріңке қорабы мен шыны ыдысқа салынған есірткіге ұқсас заттарды тәркіледі.


Сондай-ақ тәртіп сақшылары 6 банка мен 1 пакетке салынған есірткі тұқымына ұқсас зат, 9 түп есірткісі бар өсімдік және 1 патрон тапты.


«Бұл фактіні полицейлер Кентау ҚПБ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабы "Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу" мен ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеді. Белгіленген сараптамаға сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы шамамен 5 келі болатын "марихуана" есірткісі болып шықты. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.