ТҮРКІСТАН: Дзюдодан жастар арасында облыс чемпионаты өтті

0
408

7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.


ТҮРКІСТАН: Дзюдодан жастар арасында облыс чемпионаты өтті

Дзюдо күресінен жастар арасында Түркістан облысының біріншілігі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ленгір қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Түркістан облысының біріншілігі өтті. Күрес бәсекесінде облыстың барлық аймағынан келген 100-ге тарта спортшы бақ сынап, 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Заманауи талаптарға сай салынған спорт кешенінде талантты саңлақтар Түркістан облысының жүлдесін сарапқа салды.


Дзюдодан жастар арасында облыстың аға бапкері кезінде өзі де талантты балуан болып, еліміздің мерейін Халықаралық додаларда үстем еткен Мейіржан Қалтаев бұл сайыста болашағынан мол үміт күттіретін өрендер қатысқанын тілге тиек етті. Облыс чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдар және дипломдармен марапатталды.


Жастар арасында жалауы желбірейтін ел чемпионаты Семей қаласында 6-10 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Жеңіс үшін барын салған дарынды балуан Мақсат Махмадхашамұлы ел чемпионатында өңір намысын жоғары дәрежеде қорғауға ниетті. Облыс мақтанышы 100 келі салмақта сынға түсетін болады.