Өзбек азаматтар аппараттарды үш жүк көлігіне тиеген.
ИВЛ аппараттарын Қазақстаннан Өзбекстанға заңсыз өткізбек болғандардың жолы кесілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы аумағында орналасқан "Атамекен" кеден бекететінен 5 өкпені жасанды желдету аппаратын заңсыз алып өтпек болғандар Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Өзбекстан республикасының азаматтары. Олар медициналық жабдықты үш жүк көлігіне тиеп, шекарадан жасырын өтпекші болған.
Мақтаарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері мен "Атамекен" кеден бекетінің және Жетісай 2037-әскери бөлімі қызметкерлерімен бірлесе жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде заңсыз тауардың жолы кесілді.
"Сонымен қатар, «Б.Қонысбаев» кеден бекетінде кеденшілер ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірлесіп, салмағы 1 грамм есірткеге ұқсас зат салынған сөмкесі бар Қазақстан азаматын ұстады. Ол кісі Өзбекстаннан келе жатқан болатын. Бұл фактілер бойынша барлық материалдар тергеу іс-шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өткізілді", - деп мәлімдеді Түркістан облысыбойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.