ТҮРКІСТАН: Қала әкімі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын бақылады

0
630

Одан өзге, "Отырар" ықшамауданындағы дендросаябақтың жұмыс қарқынын көріп, асфальт жабындысын, орындықтар мен веложолдарды уақытымен салуды тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Қала әкімі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын бақылады

Рашид Абатұлы әкімшілік-іскерлік орталықтағы биыл пайдалануға берілетін көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үйлердің тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін талапқа сай салынуын қала әкімі ерекше атап айтып, қолданылатын құрылысқа қажетті заттардың сапасына баса назар аударуды талап етті.
Жалпы, биыл жыл соңына дейін 22 үй, яғни 1300-ге жуық пәтер тұрғындар игілігіне берілмек. Қазірде "Ныш-Ер" мердігерлік етіп отырған 7 қабатты тұрғын үйлерде лифт толығымен жұмыс істеп тұр, сонымен қатар, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты ширату мақсатында Рашид Абатұлы жұмысшы күшін көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар, үйлер алдын абаттандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, ағаштар санын арттыру қажеттігін айтты.
Одан өзге, "Отырар" ықшамауданындағы дендросаябақтың жұмыс қарқынын көріп, асфальт жабындысын, орындықтар мен веложолдарды уақытымен салуды тапсырды. Жалпы аумағы 27,8 гектарды құрайтын аумақтың 5 гектарына көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазірде құрылыс жұмыстарына 400 жұмысшы мен 40 техника жұмылдырылған.