ТҮРКІСТАН: Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

0
936

Құрылыс бөлімінің басшысы болған.


ТҮРКІСТАН: Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Апталық мәжілісте Түркістан қаласы әкімдігінде орын алған кадрлық өзгерістер жайлы айтылып, жаңа қызметкерлер таныстырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып Мерлан Керімжанов тағайындалды.

Атап айтар болсақ, Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы – 1986 жылы 30 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Заң университетінде, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде және Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде жоғары білім алған. Мамандығы бойынша Заңтану, Экономика және Құрылыс бакалавры.

Бұған дейін:

- Алматы қаласы, Айнабұлақ базарының әкімгершісі;

- Оңтүстік Қазақстан облысы «Бір жолғы талондар беру Шымкент орталығы» ШФ операторы;

- ҚР АШМ Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік сатып алу және экономика талдау бөлімінің жетекші маманы міндеттерін атқарушы;

- ҚР АШМ Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік сатып алу және экономика талдау бөлімінің жетекші маманы;

- ҚР АШМ Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бас маман-заңгері;

- Облыс әкімі аппараты Қоғамдық қатынастар мониторингі бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласы;

- Оңтүстік Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жобалар мен сараптамаларға мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы;

- Оңтүстік Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы;

- «Sayran group» ЖШС-нің қаржылық директоры, Шымкент қаласы;

- Оңтүстік Қазақстан облысының Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, Шымкент қаласы;

- Оңтүстік Қазақстан облысының Құрылыс басқармасы басшысы, Шымкент қаласы;

- «ТБК group company» ЖШС-нің қаржылық директоры;

- Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы;

- Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысының орынбасары;

- Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» басшысы қызметтерін атқарған.