Түркістан қаласының облыс орталығы болуына орай су қажеттілігі артады. Осыған байланысты Сырдария өзені бойынан жаңа суқойма салу бойынша құжаттарды әзірлеп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауымыз тиіс.
Түркістан қаласы маңында жаңа су қоймасы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазсушар» мекемесі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бірлесе отырып, өңірдегі суқоймалардағы су қорын тиімді пайдалану керек. Шардара қаласы маңынан тағы бір суқойма салып, артық суды құмға жіберу арқылы жайылым жерге айналдыру қажет. Сондай-ақ, Түркістан қаласының облыс орталығы болуына орай су қажеттілігі артады. Осыған байланысты Сырдария өзені бойынан жаңа суқойма салу бойынша құжаттарды әзірлеп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауымыз тиіс. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс әкімдігінде өткен жиында мәлімдеді.