Түркістан қаласында тағы бір көпір салынады

0
861

Жуық арада эскизі әзірленіп, жобалау-сметалық құжаты дайын болады.


Түркістан қаласында тағы бір көпір салынады

Түркістан қаласындағы "Бекзат" мөлтек ауданында екінші көпір салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов "Instagram” желісіндегі жеке парақшасы арқылы тікелей эфир кезінде айтып өтті. Атап айтқанда, Ж. Майкотов көшесі мен "Бекзат" мөлтек ауданы аралығында үлкен көпір салынады. Жуық арада эскизі әзірленіп, жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, келер жылы құрылысы басталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Хилует мешітінің орнына жаңадан мешіт салу ұсынысы қолға алынған болатын. Аталған бастама аясында мешіт құрылысына қала тұрғындары мен кәсіпкерлері қолғабыс етуде. Аталған мешіттің атауын Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы "Хан мешіті" атауды ұсынған. Ол бойынша әлі де ұсыныстар қаралады.

"Кәріз жүйесін жүргізу үшін Техникалық-экономикалық негіздеме жүргізіледі. Яғни, ол жерге жасағанда қандай пайда және маңыздылығы қаншалықты екенін тексереді. Оны дайындап, экспертизамен бекітеді. Ол 6 ай уақытты алады. Одан соң ғана қанша қаржы, қандай материал т.б анықтау үшін жобалау-сметалық құжат әзірленеді. Қазірдің өзінде канализация жүргізу мақсатында 570 км труба тартылды. Бәрі жүйемен жүріп жатыр", - деген Рашид Абатұлы бәрі ретімен жүргізілетінін айтып, сабырлық танытуға шақырды. Сонымен қатар, қаланы көгілдір отынмен қамту мақсатында соңғы екі жылда 1185 км құбыр тартылғанын, электр қуатын жаңарту аясында 45 км сым мен мыңдаған бағана орнатылғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, шаhар басшысы Кентау қаласына шығаберіс шатқалда қоқыс толғанын, қазірде тазалау жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Жел тұрған сәтте тұрғындар төккен қоқыс қала аумағына шашылатынын ескертіп, тұрғындардан "Түркістан жарық-тазалық" мекемесімен келісімшарт жүргізуін сұрады. Қоқыс тазаланған соң аумақта полиция қызметкерлері бақылау жүргізетін болады. Одан өзге, эфир кезінде тұрғындар тарапынан жерді мемлекет мұқтаждығына алу, қоғамдық көліктер мен мектептегі оқу жүйесі бойынша сауалдар қойылып, жауап берілді.