ТҮРКІСТАН: «Қамқорлық» бағдарламасымен 85 отбасы баспаналы болды

0
759

Жұмыспен, медициналық көмекпен қамтылғандар да бар.


ТҮРКІСТАН: «Қамқорлық» бағдарламасымен 85 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкевтің тапсырмасымен құрылған «Қамқорлық» бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл бағдарламаны облыс әкімдігі, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы бірге жүзеге асырып келеді.


Бағдарламаның мақсаты – демеушілерді қайырымдылыққа тарту және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету.


Бағдарлама іске асырылған екі жылдан астам уақыт ішінде облыста 2,7 мың отбасы 825 млн. теңгеге демеушілік көмек алған. Елдің жомарт азаматтарының көмегімен 85 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Екі әлеуметтік жағдайы өте қиын 2679 отбасының 1036-сы (38,7%) дағдарыс деңгейінен шығарылды, 630 отбасы қанағаттанарлық деңгейге өтті. Жұмыспен, медициналық көмекпен қамтылғандар да бар.


2021 жылдың өзінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 1036 отбасына 308,5 млн. теңгеге демеушілік қолдау көрсетіліп, 33 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Биыл 1500-ге жуық отбасыны осы бағдарлама арқылы әлеуметтік қолдау көзделіп отыр.