​ТҮРКІСТАН: Карантин тәртібі орнағалы алғашқы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

0
995

Онда Арыс қаласы мен Келес ауданының тауар өндірушілері мен "Түркістан" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдері төмен бағамен сатылды.


​ТҮРКІСТАН: Карантин тәртібі орнағалы алғашқы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласында карантин тәртібі орнағалы алғашқы азық-түлік жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елде пандемияға байланысты карантин режимі жарияланғалы бері Түркістан қаласында бұл алғашқы рет өткізіліп отырған азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі.

Онда Арыс қаласы мен Келес ауданының тауар өндірушілері мен "Түркістан" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдері төмен бағамен сатылды. Атап айтсақ, картоп 80 теңгеден, пияз 45 теңгеден, қырыққабат 60 және сиыр еті 1800 теңгеден. Жалпы 23 атаулы тауардан 29,4 тонна өнім жүзеге асырылды.

"Алтын бұлақ" автобекетінде кешке дейін жоспарланған жәрмеңке тауарлары түске дейін ақ тұтынушылар игілігіне сатылып, халық ерте тарқады.

Аталған ісшара барлық санитарлық талаптар сақтала отырып әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өткізіледі. Түркістан облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты азық-түлік бағасын тұрақтандыру.