Тапсырысқа байланысты аптасына орта есеппен 5-6 бордақы сойылады.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында 3 мыңнан астам шаруа қожалығы бар, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданында қазіргі таңда 3 252 шаруа қожалық бар. Оларға аудан әкімдігі тарапынан кәсібін өрлету мақсатында жеңілдетілген несие алуға жан-жақты қолдаулар күшейтілген.
Сондай-ақ, мал азығын дайындауға қажетті жанар-жағармайды қожалықтарға арзандатылған бағада жеткізу шаралары ұйымдастырылуда.
Аудандағы қожалықтың бірі – Балықты ауылындағы «Жақсымбет» шаруа қожалығы. Осыдан екі жыл бұрын жылқы бордақылауды бастаған шаруашылық қазіргі таңда кәсібінің көкжиегін кеңейтіп, мол табысқа кенеліп отыр. Жұмысын 60 бас жылқыдан бастаған қожалық бүгінгі таңда бордақы басын 300-ге дейін жеткізген. Еттің әр келісін 1900-2000 теңгеден аудан мен Алматы қаласындағы сауда қатарларына өткізуде. Тапсырысқа байланысты аптасына орта есеппен 5-6 бордақы сояды.
Айта кетерлігі, 2020 жылдың қорытындысымен аудан аумағында жалпы 76 мал бордақылау алаңы ашылса, соңын ішінде 19-ы жылқы бордақылауға бағытталған.