ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлікті дамыту шаралары қаралды

0
820

Кәсіпкерлік субъектілер саны артқан.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлікті дамыту шаралары қаралды

Түркістан облысында кәсіпкерлік дамып келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы соңғы жылдарда кәсіпкерліктің дамуында сандық және сапалық көрсеткіштердің өсуі байқалады. Былтыр Төлеби ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 8344 болса, ағымдағы жылы 8568 жетіп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

Жиын барысында ауданда кәсіпкерлікті дамыту және «InfoKazakhstan.kz» электронды платформасына кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу жұмыстарының барысы туралы талқыланды. Осы орайда аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы О.Жанкалов баяндама жасады. 2020 жылдың басынан 7 млрд 262 млн теңгеге инвестициялар тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,3%-ды құраған. Жыл соңына дейін 5 млрд 212 млн теңгеге 31 жоба іске асырылады деп күтілуде. Нәтижесінде 695 адам жұмыспен қамтылмақ. Несиелендіру саласында кіші және орта бизнесті дамыту мақсатында аудан бойынша жалпы қаржыландыру көздерінен жыл басынан бері 4250 жеке азаматтарға 2 млрд 522 млн теңгеге несие берілген. Сондай-ақ, 2020 жылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша екі кезеңде 244 адам оқытылып, оның ішінде 209 адам сертификат алған. Жалпы 87 адам грант иеленді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі Б.Омарбеков қала, ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына жоғарыда баяндалған мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойып, нақты тапсырмалар берді.