Төтенше жағдай жауын салдарынан орын алған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Қазығұрт ауданындағы қашыртпа каналдан су асып, бірнеше үйдің ауласын сел басты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2022 жылдың 7-ші қарашасында нөсер жауын салдарынан Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округінің Дихан елді мекеніндегі қашыртпа каналынан су асып, 6 үйдің және Айнатас елді мекені, Айнатас көшесі бойындағы 3 үйдің аулаларын сел басып өткен.
Қазіргі уақытта арнайы 2 техника жұмылдырылып, 20 адам сел алған орындарды ретке келтіру, алдын-алу шараларын жүргізуде.