ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық омарташылар өнімдерін экспорттап жатыр

0
449

Жылыжайда раушан гүл өсіріледі.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық омарташылар өнімдерін экспорттап жатыр

Қазығұрттық омарташылар бал өнімдерін Ресей мен Өзбекстанға экспорттап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауыл округіндегі «Пасека-Бал» жылыжай шаруа қожалығы мен бал өндіру өндірісінің жұмыстарымен танысты. 2010 жылы іске қосылған қожалықтың қазір 18 гектар егістік жері бар. Оның ішінде жылыжай көлемі – 1,46 гектар. Жылыжайда раушан гүл өсіріледі. Негізінен шаруа қожалықтың бағыты – бал ара өсіру.


Шаруашылық иесі 19 жыл бойы ара өсіру және бал өнімін шығарумен айналысады. Жылына 150 тонна бал өнімін өндіруге қауқарлы. Оның ішінде 5000 ара ұясы бар. Өз өнімдерін отандық нарыққа, Ресейге және Өзбекстанға жөнелтіп келеді. 2021 жылы Өзбекстан Республикасына 83 тонна бал өнімі, Ресей Федерациясына 17000 омарта аналығы экспортталған. Ал 2022 жылы Өзбекстанға 85 тонна өнім экспортталса, Ресейге 2000 омарта аналығы жөнетілді.


Қазіргі таңда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусымдық кезеңде 30 адам қызмет етеді. Орташа жалақы – 120 мың теңге. Шаруа қожалық иесінің айтуынша, қожалықтың өнімдері табиғи таза өнім. Биыл өнім көлемін едәуір арттыра түсуді жоспарлап отыр.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды шаруа қожалығының жұмысына сәттілік тілеп, бал өнімін өндіру арқылы жергілікті нарықты толықтыру керектігін атап өтті. Сонымен қоса ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікпен айналысатын тұрғындарға мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.