ТҮРКІСТАН: Келес ауданында мыңға жуық АӘК алушы жұмыспен қамтылған

0
591

2023 жылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік көмек 1314 отбасыға берілді.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында мыңға жуық АӘК алушы жұмыспен қамтылған

Келес ауданындағы өткен жылдың қорытындысымен аз қамтылған 2328 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев айтып берді. Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысымен аудандағы аз қамтылған 2328 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, оның ішінде 909 адам жұмыспен қамтылған. Ал, 2023 жылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік көмек 1314 отбасыға беріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға азайыпты.


Сонымен қатар, «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасымен былтыр 4909 адам жұмыспен қамтылса, биыл бұл көрсеткіш 7936-ға жеткізіледі. 2023 жылдың алғашқы тоқсанының өзінде 2513 жұмыссыз азамат бағдарламаға тартылған. Сондай-ақ, белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламасы аясында былтырдан бері аудандағы «Қазыналы қария - тең қоғам» орталығы 400-ден астам зейнеткер мен 85 мүгедектігі бар азаматқа 14 қызмет түрін көрсетіп келеді. Алдағы уақытта бұл орталық шалғайда тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсету үшін тасымалдау жұмыстарын да ұйымдастыру жоспарлап отыр. Ал, «Даму» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ғимараты жартылай стационарлық үлгідегі психоневрологиялық потологиясы бар және тірек-қозғалысы аппараты бұзылған мүгедектігі бар 60-тан астам балаға әлеуметтік қызмет көрсетіп жатыр.