ТҮРКІСТАН: Келес ауданының әкімі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызды

0
307

Сенбілікке этномәдени бірлестіктердің төрағалары, аудан жастары, спортшылар мен мәдениет майталмандары және кітапханашылар қатысты.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданының әкімі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызды

Келесте аудан әкімі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні және «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ұйымдастырылған іс-шарада аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев түрлі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызып, өңірдің көркеюіне өз үлесін қосты. Сенбілікке этномәдени бірлестіктердің төрағалары, аудан жастары, спортшылар мен мәдениет майталмандары және кітапханашылар қатысты.


Абай ауылындағы Асан қайғы көшесінің бойында орналасқан аллеяда этнос көшбасшылары 700 түп раушан, 200 дана петуния және 200-ге жуық декоративті өсімдіктер отырғызды. Олар, аллеядағы ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын үнемі назарда ұстайтынын жеткізді.


Тазалық шарасы барысында аудан әкімі Жәнібек Есенұлы этнос өкілдерімен пікір алмасты. Онда аудан халқының өзара бірлігі мен ынтымағын арттырып, өңірдің гүлденуіне жол ашу, сонымен қатар, жас буынды ата-бабалардың ақ жолымен адалдыққа, әділдікке, ашықтыққа, тиісінше сол арқылы адал еңбекке тәрбиелеу барысы сөз болды.