ТҮРКІСТАН: Келесте 7 мектептің жылыту қазандықтары газ жүйесіне ауыстырылады

0
876

Бүгінге дейін 39 мектеп қатты отынмен жылытылып келген.


ТҮРКІСТАН: Келесте 7 мектептің жылыту қазандықтары газ жүйесіне ауыстырылады

Келес ауданындағы 7 мектептің жылыту қазандықтары газ жүйесіне ауыстырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданындағы 7 мектептің жылыту қазандықтары газ жүйесіне ауысады. Олар: Ш.Уәлиханов, №32 жалпы орта мектебі, Жуантөбе, А.Байтұрсынұлы, Болашақ, Сырдария және Д.Қонаев мектептері. Бүгінге дейін 39 мектеп қатты отынмен, 23 мектеп газбен және 1 мектеп сұйық отынмен жылытылып келген болатын.


Бұл туралы аппараттық мәжілісте Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев мәлімдеді. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен жиында білім саласындағы түйткілдер тарқатылды. Аудан әкімі білім ошақтарының қысқы жылу маусымына дайындығын ширатуды назарда ұстайтынын жеткізді. Құрылысы жүріп жатқан мектептердің сапасы бақыланып, жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарына тартуға басымдық беріледі.