ТҮРКІСТАН: Келесте 9 мың астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленген

0
816

Ауданында атаулы әлеуметтік көмек алғандардың жалпы саны 54138 адамды құраған.


ТҮРКІСТАН: Келесте 9 мың астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленген

Түркістан облысы, Келес ауданында атаулы әлеуметтік көмекті 9400 отбасыға тағайндалып, төленген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Келес ауданы әкімдігіне қарасты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а. Асылхан Бахтиярұлы Келімбетов биылғы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебінде мәлім болды.

Берген мәліметіне сүйенсек, жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бойынша ауданда аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті төлеу үшін Бағдарламаға 2019 жылға Республикалық бюджеттен 3706258,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 200 млн теңге, ал ҚР ұлттық қорынан 1464898,0 тенге қаржы қаралаған.

Ал, аудан бойынша 2019 жылдың 9 айында ауыл және ауылдық округтерінен «Учаскелік комиссиялар» қорытындысы негізінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж болып өтініш берген 9400 отбасына 3073223,0 млн қаржы тағайындалып, төленген. Яғни жалпы 54138 адам қамтылған осы отбасылардың ішінен шарттысы – 8866, шартсызы – 534 отбасыны құрап отыр. Оның ішінде көпбалалы отбасы саны – 2281 құрайды.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1-ші сәуірінен бастап АӘК өтініш берген отбасының айлық кірісі кедейілік шегінен асып кетуіне байланысты 842 отбасы тағайындалудан бас тартылды.

«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, осы санаттағы аналарға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни аудандағы 5207 анаға жергілікті бюджеттен 26 млн 613500 мың теңге қаражаты қарастырылып 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай төлем жасалынды.