ТҮРКІСТАН: Келесте ағайынды екеу жүгерімен бірге «ұйықтатын көкнәр» еккен

0
1 391

Есірткі тектес өсімдік егілген егістік алқабының жалпы көлемі 1 гектарға жуық аумақты алады.


ТҮРКІСТАН: Келесте ағайынды екеу жүгерімен бірге «ұйықтатын көкнәр» еккен

Түркістан облысының полицейлері 1 гектарға жуық егістік алқабынан есірткі тектес өсімдік тәркіледі, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Келес АПБ Криминалдық полиция бөлімшесінің полицейлері жедел-алдын алу іс-шаралары аясында ауданның барлық аймағын тінтіп, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде, Келес АПБ-нің криминалды полиция басқармасының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесе отырып, Келес ауданындағы ауылдардың бірінің егістік алқабынан есірткі тектес «Көкнәр» өсімдігін тапты.

Ауданның тәртіп сақшылары анықталған алқапқа байланысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Есірткі тектес өсімдік егілген егістік алқабының жалпы көлемі 1 гектарға жуық аумақты алады. Егістік алқап тікенді металл сымдарымен қоршалған және жүгері дақылымен араластырып егілген.

Полицейлер айғақты зат ретінде егістік алқабынан «Көкнәр» есірткі затына ұқсас 7 мың түптен астам өсімдігін тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша зерттеуге ұсынылған есірткі тектес 7 мың түптен астам өсімдіктің «ұйықтататын көкнәр» екендігі белгілі болды. Оның жалпы салмағы 300 кг-нан астам.

Оқиға орнында құрықталған ағайынды екі азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған іске байланысты тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілер қамауда екенін хабарлады Түркістан облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі.