ТҮРКІСТАН: Келесте IT сынып ашылды

0
2 175

Түркістан облысы, Келес ауданында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында IT сыныбы ашылып отыр.


ТҮРКІСТАН: Келесте IT сынып ашылды

Келес ауданында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында білім ошақтарында IT сыныптарын ашу жоспары жүзеге асып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданы әкімдігі қолдауымен ауданға қарасты 12 ауылдық округте орналасқан 12 білім мекемелерінде IT сыныптардың ашылуы жоспарланған болатын. Жоспарға сәйкес Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан №1 О.Есимов атындағы жалпы орта мектебінде ІТ сыныбы салтанатты түрде ашылды.

Алғашқы ІТ сыныбының салтанатты ашылу рәсіміне Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы қатысып, лентасын қиды. Жаңадан ашылған ІТ сыныптың технологиялық мүмкіндіктерімен «Цифрлық мектеп» жобасының авторы Нұралы Құдайбергенұлы кеңінен таныстырып өтті.

Жобаның мақсаты - балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау. Оқушылар әртүрлі бағдарлама арқылы білім көкжиегін кеңейтеді, түрлі компьютерлік ойындар, сабаққа қажетті бағдарламалар құрастырады. Осы мақсатта қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. IT сынып заманауи компьютерлермен, 3D принтер, жоғары жылдамдықты интернет, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған.

Өз кезегінде аудан әкімі Ақментай Есбаевта болашақ бүгінгі жастардың қолында екендігін айта келе оқушыларға заманауи үлгіде жағдай жасау ертеңгі күнімізге деген үлкен нақты қадам екенін атап өтіп, барша ұстаздарды оқушыларға білім беруде аянбай қызмет етуге шақырды.