ТҮРКІСТАН: Келесте ​«Қалтадағы ХҚО» акциясы өткізілді

0
924

Mобильді азаматтар базасында 376242-нан астам түркістандық тіркелген.​


ТҮРКІСТАН: Келесте ​«Қалтадағы ХҚО» акциясы өткізілді

«Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал қызметкерлері «Қалтадағы ХҚО» атты акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Келес ауданындағы «Ауес» сауда үйі және бір қатар адам көп шоғырланатын орындарда орын алған акция барысында корпорация қызметкерлері тұрғындарды, азаннан кешке дейін бала шағасын асырау үшін сауда жасап нәпақасын тауып отырған сатушыларға, порталдағы төлем түрлерін, Телеграмм жүйесіндегі EgovKzBot бағыты бойынша және Mgov қосымшалары арқылы, бір реттік жасырын сөздер, электронды цифрлы қолтаңбалар арқылы қызмет түрлерін алуды үйретіп,ақпараттық брошюралар таратты.

«Қазіргі таңда Республикамызда 742 мемлекеттік қызмет түрі бар болса, соның 531 электронды үкімет порталы арқылы өтеді. Осы себепті халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында корпорация тарапынан осындай акция, оқыту семинарларын көптеп өткізудеміз. Соның арқасында өңірімізде электронды түрде қызмет алушылар саны артты. Бізді қуантатыны акцияға қызыға қатысушылар саны 200-300ге жуықтаса, солардың 50-60% қызметтерді өздері электронды түрде пайдаланушылар қатарынан болды. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың басқа да аудандарын қамтитын болады»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз тілшісі Амантай Егембердиев.

Айта кетейік, жыл басынан бері мобильді азаматтар базасында 376242-нан астам түркістандық тіркелген.