ТҮРКІСТАН: Келесте каналдарға тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
1 013

Тағы бір маңызды мәселе – ішкі көшелерге шағал төсеу.


ТҮРКІСТАН: Келесте каналдарға тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Келес ауданы, Ошақты ауылдық округіндегі каналдарға механикалық әдіспен тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында тұрғындар сұранасы негізінде каналдар мен қашыртқылар механикалық тазалаудан өткізілуде. Солардың қатарында Ошақты ауылдық округі аумағындағы Жиделі каналы механикалық әдіспен тазалау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Теріс каналының 17 шақырымы тазаланады. Сонымен қатар, Тешебай және Қуандық каналдары да механикалық әдіспен тазалануы жоспарланған. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.


«Сіздерге осы кездесуге өз уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айтамын. Осыған дейінгі өткізілген кездесуде маңызды мәселелер көтеріліп, шешілу жолын қарастырып келеміз. Солардың қатарында Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі, Атақоныс, С.Саттаров, Қаратал, Бақышсай, Ынталы елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша газ жеткізгіш құбырдың құжаттары заңдастырылуда. Ішкі жүйелердің құжаттары толық біткен. Аталған жұмыстар біткен соң қаржы қарауға ұсынылатын болады. Ауылдарды дамытуға арналған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына Ошақты ауылдық округі енген. Аталған жобаға Ошақтыдан 148 азамат ниет білдіріп отыр. Жобаға қызығушылық танытып, кәсібімді ашып, дамытамын дегендерге аудан әкімдігі тарапынан жан-жақтама қолдау, сүйемелдеу болады», - деді аудан басшысы.


Тұрғындар көтерген маңызды мәселенің бірі – ішкі көшелерге шағал төсеу. Ошақты ауылдық округінде 30 шақырым облыстық маңызы бар, 16 шақырым аудандық маңызы бар жолдар мен 111 шақырым ішкі жолдар бар. Бүгінгі таңда 35 шақырымы асфальт, 49 шақырымы шағал жол болса, 27 шақырымы топырақ жолды құрайды. Ошақты ауылдық округі аумағында өткен жылы 6 800 метр орта жөндеу жұмыстары, 16 850 метр ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 27 шақырымға шағал төсеу бойынша сметалық құжаттары істеліп, салалық бөлімге жолданды. Әрбір елді мекен ауданның даму жоспарына сәйкес кезең-кезеңімен жоспарлы жұмыстар атқарылатын болады.


Тұрғындармен кездесуге аудан әкімімен бірге Келес аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшыларымен құрылымдық бөлімдердің және құқық қорғау өкілдерінің басшылары қатысты.


Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев кездесу аяқталған бойда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселені басына барып көру мақсатында Саңырау елді мекеніне барды. Аудандық маңызы бар жолдың бойында орналасқан Саңырау каналының үстіндегі апатты көпірді тез арада ретке келтіру бойынша нақты тапсырма берді.