ТҮРКІСТАН: Келесте мыңнан аса адам сенбілікке шықты

0
357

Нәтижесінде әрбір мекемеге бекітілген секторлар қоқыстан тазаланып, ағаштар бұталды.


ТҮРКІСТАН: Келесте мыңнан аса адам сенбілікке шықты

Келесте өткен сенбілікке мыңнан аса адам қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында «Сенбілік – тазалық кепілі» атты жаппай аудандық сенбілік өтті. Сенбілікке аудандағы барша мемлекеттік, құрылымдық мекемелерінің қызметшілері мен өңір тұрғындары атсалысты. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев тазалық шарасына қатысып, жауаптыларға сенбілік бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.


Айта кетейік, аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбілікке 12 техника мен мыңнан аса азамат жұмылдырылды. Нәтижесінде әрбір мекемеге бекітілген секторлар қоқыстан тазаланып, ағаштар бұталды. Ауыл тұрғындары өздері тұратын тұрғын үй жайларының аумағын тазалап, арық-атыздар қазылды. Жиналған тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы белгіленген орынға тасталды.