ТҮРКІСТАН: Келесте Ресейлік инвесторлар жылыжайдың жер телімімен танысты

0
1 537

Ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынады.


ТҮРКІСТАН: Келесте Ресейлік инвесторлар жылыжайдың жер телімімен танысты

Бүгін Келес ауданының аумағында арнайы қарастырылып бөлінген 500 га жылыжай кешенінің жер телімімен, Ресейлік инвестор «Эко-культура» компаниясының өкілдері танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуге«ҚазақИнвест» Ұлттық компаниясының Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Қыдыр Каюпов, Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев және тиісті мекеме басшылары қатысты. Ресейлік «Эко-культура» компаниясының өкілдері танысу барысында ауданның географиялық тиімді орналасқанын атап өтіп,кешеннің инфрақұрылым жүйесін жасау жұмыстарын бастауды уағдыласты.

Жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайтын 500 га аумаққа жылыжай кешені салу ауданның экономикасын көтеруге және 10 мың жұмыс орны ашылатын ауқымды жоба болмақ. Естеріңізге сала кетейік Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынуы бойынша ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын.

Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Жылыжай кешенінде алдағы уақытта қызанақ, қияр өнімдері өндірілмек.