300 оқушыға лайықталған мектеп құрылысы тоқтап қалған.
Келестегі құрылысы тоқтап қалған мектепті салу жұмыстары қайта басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданы қайта құрылғалы өзекті мәселеге айналған Ақтөбе аулыдық округінің Ынтымақ елді мекеніндегі 300 оқушыға лайықталған №91 Р.Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы 2021 жылдың 4-ші тоқсанда қайта басталды.
Сметалық жобалық құжаттаманың мерзімі өтуіне байланысты ЖСҚ-ны түзету жұмыстары "ҚазНұр жобалау құрылыс институты" ЖШС арқылы демеуші ретінде жүргізілген. Нәтижесінде 2021 жылдың қараша айында мектептің құрылыс жұмыстары басталып, мердігер "УниверсалСтройСервис" ЖШС жеңімпаз болып анықталды.
Бүгінгі таңда мердігерлер мектеп ғимаратының шатырын жабу жұмыстарымен электр жүйелерін жүргізуді қарқынды іске асыруда. 2021 жылдың соңына дейін шатырын жауып, есік терезелерін орнатып аяқтауды жоспарлаған мердігер мекеме өкілдері жұмысты бәсеңдетпей келесі жылдың оқу жылына дейін ғимаратты пайдалануға бермекші. Құрылысқа тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болып табылады.