ТҮРКІСТАН: Келесте жалпы құны 1,1 млрд долларға жылыжай кешені салынады

0
1 246

Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады.


ТҮРКІСТАН: Келесте жалпы құны 1,1 млрд долларға жылыжай кешені салынады

Түркістан облысы, Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға Келес ауданында 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын.

Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Құрылыс бірнеше кезеңде жүзеге асырылатын болады. Жылыжай іске толықтай қосылса нәтижесінде 10 600-ге жуық жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

Келешекте еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Жылыжай кешенінде алдағы уақытта қызанақ, қияр өнімдері өндірілмек. Жоба бойынша "ЭКО-культура" АПХ серіктесі қазақстандық "Green Land Alatau" компаниясы болып табылады.

"ЭКО-культуры" жылыжай кешендері ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің толық циклын басқаратын қазіргі заманғы компьютерлендірілген микроклиматты басқару жүйесімен жабдықталатын болады. Сондай-ақ басқару жүйесі жылу мен салқындату жүйесін, жарық режимін, тамшылатып суару, атмосферадағы көмірқышқыл газының құрамын қоса реттейтін болады.