ТҮРКІСТАН: Келестік 25 азамат жұмыспен қамтылды

0
734

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар.


ТҮРКІСТАН: Келестік 25 азамат жұмыспен қамтылды

Келесте 25 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген жоспарға сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аудандағы борышкерлер, пробация есебінде тұрғандар және жалпы жұмыссыз азаматтар үшін, 2021 жылдың 19 қарашасында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.


Жәрмеңкеде 21 жұмыс берушілерден 50 бос жұмыс орындарына сұраныс берілді. Жәрмеңкеге жалпы саны 30-қа жуық жұмыссыз азамат қатысып, нәтижесінде 25 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданды. Оның ішінде бірінші кезекте нысаналы топтағы 2 мүмкіндігі шектеулі азамат, 2 борышкер азамат сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған 1 азамат тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа жолданды.