ТҮРКІСТАН: Келестік кәсіпкер полиэтиленнен бөшке жасауды қолға алды

0
557

Кәсіпкерлік бағытында 11725 азамат жұмыс істеп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Келестік кәсіпкер полиэтиленнен бөшке жасауды қолға алды

Келестік кәсіпкер полиэтилен шикізатынан бөшке бұйымдарын өндіруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өндірісті-аграрлы аудан саналатын Түркістан облысы, Келес ауланында кәсіпкерлік жыл санап өркендеп келеді. Жалпы, Келес ауданында бүгінгі таңда 8353 шағын және орта бизнес субъектілері тіркеліп, бұл бағыта 11725 азамат жұмыс істеп жатыр.


Соның бірі — аудан орталығында жалпы құны 10 млн. тенгені құрайтын, су құюға арналған полиэтилен шикізатынан бөшке бұйымдарын өндіретін цех. Жыл басында ашылған өндіріс орнында жеке кәсіпкер Бағдаулет Құрбановтың жетекшілігімен 3 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Цехтың қуаттылығына келсек, күніне 10 дана бөшке бұйымдары өндіріліп, 2 түрлі үлгіде су сақтайтын бөшке бұйымдары жасалады. Бүгінде жылына 3600 дана бөшке бұйымдарын өндіруге қауқары бар цехтың өнімдері еліміздің бірқатар өңірлерінде сұранысқа ие.


Келес ауданында шағын және орта бизнес субъектілері санының артуы экономикалық көрсеткіштерге оң әсер етіп, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және ауданның салық түсімдерінің ұлғайтылуына өз септігін тигізіп жатыр.