ТҮРКІСТАН: Келестік кәсіпкерлер ауруханаға оттегі баллондарын сыйлады

0
732

Құрылғылар аудандық ауруханада ашылған провизорлық орталыққа жеткізілген.


ТҮРКІСТАН: Келестік кәсіпкерлер ауруханаға оттегі баллондарын сыйлады

Келес ауданындағы бірнеше белсенді кәсіпкер аудандық ауруханаға 28 оттегі баллондарын тарту етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданындағы бірнеше белсенді кәсіпкер, оның ішінде Амангелді Тәжиев пен Нұрлан Базарбаевтар аудандық ауруханаға 28 оттегі баллондарын тегін жеткізді. Медицина қызметкерлері өкпесі қабынған науқастардың көбіне жасанды тыныс алу құрылғылары қажет екенін, науқас саны көбейген сайын аталған оттегі концентраторына деген сұраныс та артып жатқанын айтуда. Құрылғылар аудандық ауруханада ашылған провизорлық орталыққа жеткізілген.


Айта кетейік, Түркістан облысындағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.